Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖақында ғимарат тарих және сәулет ескерткіштерінің тізіліміне енгізіліп, мемлекет теңгеріміне алынған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Ибраев мәлім етті.
Қазір ғимарат біздің қорғауымызда. Ғимараттың иесі бар, бірақ Семейде тұрмайды. Біз онымен тұрақты байланыстамыз. Үй иесі ғимарттың келбетін сақтай отырып, қайта қалпына келтіреді. Нысанның бұзылуына жол бермейміз, - деді Айдар Ибраев.
Басқарма басшысы бұрынғы «Бинар» қонақүйі жайлы да айтып өтті.
Мұнда нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бізге алдын ала үлгісін көрсетті және комиссияға ұсынды. Бастапқы келбеті бұзылатын болғандықтан, ғимаратты кірпішпен қаптауға келіспедік. Иесі біздің ұсынысымызды құптады,- деді Айдар Ибраев.
Найманбаев көшесі, 116 мекенжайындағы бұрынғы телеграф кеңсесінің ғимаратында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ғимарат апатты жағдайда тұрғандықтан, тарих және сәулет ескерткіштері қатарынан шығарылған. Қазір нысанның ішкі қалпына келтіру жұмыстары басталды, иесімен тығыз байланыстамыз. Алдағы уақытта ғимаратты өз теңгерімімізге аламыз, - деп түйіндеді сөзін Айдар Ибраев.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек