12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСемейде жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 19:00 шамасында қаладағы Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі пен Honda мотоциклымен соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер