6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жағдай 7 сәуірде болған. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жан тапсырған.Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі