Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚаладағы жаңа ықшам ауданның құрылысы үшін 50 шақты жер үй сүріліп, қожайындарына өтемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір жер қазылып, құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Мұнда алдағы жылы 1200 орындық заманауи оқу орны бой көтереді. Ал 5 жыл ішінде қаланың солтүстік жағалау бөлігінде тағы бірнеше үй сүріледі. Орнына көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Заманға сай инфрақұрылымы жасақталған жаңа ықшам аудан қаланың қайта бекіген бас жоспарына сай бой көтереді. Сүрілген үйлердің есебінен Семейде 72 гектар жер босайды.
Жаңа мектеп салу мақсатында 46 жеке баспана сүрілді. Ол үйлердің жалпы құны 1 млрд 360 млн теңге. Жаңа ықшам ауданда бюджеттік мекемелер, конгресс-хол, стадион, 300 орындық емхана және жедел жәрдем станциясын салу жоспарланып отыр. Қалған бөлігіне инвесторлар есебінен көппәтерлі тұрғын үй салынады. Тағы бір ескерте кететін жағдай, мұнда келген инвестор тұрғындарға өтемақыны өзі төлейді, - дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды