Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеруге прокуратура органдары айрықша назар аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптауға жол бермеу мақсатында прокурорлар тәулік бойы ақпараттық сайттарды бақылайды, уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарын тексереді.
Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейне жазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр аймақтарды» жоюға ерекше назар аударылады.
Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталуы оның жарқын мысалы болып табылады.
26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.
Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары