6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде судьяны қорлаған сотталушы жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семей қаласының №2 сотында судьяны құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.
Сотталушының сөзінде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді.
Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі