Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСемейде жоғары сынып оқушылары аяусыз соққыға жыққан балаға психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысындағы өкілі Эльзира Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар омбудсменінің өңірдегі өкілі қазіргі таңда соққыға жығылған оқушының қасында.
Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, полиция тергеу әрекеттерін жүргізуде. Айта кетейін, аталған факт 24 ақпанда сағат 14.00 шамасында 343 кварталда болған,-деп жазды Эльзира Жүнісова желі парақшасында.
Біз бұған дейін Семейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы соққыға жыққаны туралы жаздық. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар