18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде зардап шеккен Қуат Айтқалиев есімді мұғалімнің жары оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биіктен құлаған №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиевтің жары Сымбат Аянқызы да мектеп мұғалімі.
"49-шы мектепте жұмыс істегеніне 4 жылдай болды. Түнде оған Әліби деген досы телефон шалып, мектеп директоры Гүлфарида Тоқтаубаева хабарласып, шырша безендіруге барыңдар дегенін айтты. Таңғы асын ішпестен, сағат тоғызға таман кетті. Бір сағатта қайтып келемін деді. Біраз уақыттан соң достары хабарласып, шыршадан құлап кеткенін айтты. Ауруханаға барсам ота жасалыпты. Дәрігер "бас сүйегі сынып, миына кіріп кеткен, сүйекті алып тастадық" деді, - дейді Сымбат Тұрғалиева.
Сымбат Аянқызының айтуынша, бұл педагогтың кәсіби құзыреттілігіне кірмейтін шаруа.
Бұған тек білім бөлімі ғана емес, әкімдік те кінәлі. Әкімдік тікелей білім бөліміне бұйрық берген. Бұл - әкімдіктің шыршасы. Оған апарып бейшара мұғалімдерді жұмсайды. Жолдасымның жағдайы қалай болатынын білмеймін. Бірақ бұл өте ауыр жағдай, - деді ол.
Әйелінің сөзінше сенбі күні жұмысқа шыққаны үшін қосымша ақша төлейді деп ештеңе айтылмаған.
Еске салайық, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр