Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бүгін таңертең педагог ауруханадан шығарылды.
Әріптесімізге жұмыс орнында қалпына келуіне әрі қарай да көмектесе береміз. Оған оңалту, қалпына келу қажет, сондықтан қолдау көрсетуді жалғастырамыз, - деді Бейсембаев.
Сондай-ақ министр осы оқиғадан кейін қандай жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылғанын айтты.
Қала әкімінің орынбасары сөгіс алды. Білім бөлімінің басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуына немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылды. Үш директор (мектеп - ред.) тәртіптік жауапкершілікке де тартылды. Осы бағытта өтемақы төлеу бойынша жұмыс жалғасуда, - деді ол.
Естеріңізде болса, шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, жансақтау бөліміне жатқызылған еді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары