30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСемейде ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, ғалымдар, абайтанушылар, қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары қатысты. Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы - тұғырымен қоса алғанда 7,7 метр. «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты мүсіндік композициясы қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Бұл композиция арқылы мүсінші Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсетті. Ескерткіш авторы – Нұрбол Қалиев. Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына қойылды.
Ескерткіштің ашылуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Хатты салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев оқып берді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды. Оның мұрасының тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі және шығыс мәдениеті үшін маңызы зор.
Ескерткіштің ашылу салтанатының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Өйткені Шәкәрімнің рухани мұрасы азаттық пен тәуелсіздік тақырыбымен үндес.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды