23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды деп, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров отырыста Абай облысының әлеуетін арттыру бағытында бірқатар кешенді жоспарды тілге тиек етті.
Министрдің айтуынша, кешенді жоспар 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды. 2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге.
«Көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 1465 км болатын жергілікті жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі», – деді ол.
Сондай-ақ, Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарланып отырғанын айтты.
Бұдан өзге, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығы, 5 жұлдызды қонақ үй кешені және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасы салынбақ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік