Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСемейде қоғамдық орындарды белгісіз ер адамның әйелдердің киімінің астынан телефон арқылы суретке түсірген бейнежазба тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Абай облысының тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Енді оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қоғамдық орында балағат сөз айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер бойынша шара қолданылмақ.
Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Аталған материалға қатысты шешім қабылдау үшін іс Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады