23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Семейде спорт сүйер қауым үшін «Qazaq Marathon Abay» марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, іс-шара Абай атындағы алаңда басталып, содан кейін қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп өтті. Жүгіруге мыңнан астам әуесқой спортшы қатысты.
Қатысушыларға физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қашықтықты таңдау мүмкіндігі берілді: 21 км, 10 км, 5 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүріс) және2 км (балаларға арналған қашықтық). Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрады.
Семейдегі Qazaq Marathon 2024 марафонның екінші кезеңі болды. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде осындай бес іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
«Qazaq Marathon өңірлік орталықтарды бір тудың астына біріктірген алғашқы жоба болды. Біздің міндетіміз – спортқа көбірек адамдарды тарту. Бұған дейін өңірлерден спортшылар Алматыға, Астанаға және Шымкентке ірі старттарға қатысу үшін келген болатын, енді біз өңір тұрғындарына үлкен спорттық мереке сыйлау үшін өзіміз келеміз, - деп атап өтті Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов.
Әр жарысты өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар қалаларда кәсіби жаттықтырушылар басқаратын жүгіру мектептерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде балалар тегін оқи алады, ал уақыт өте келе ересектер де қосыла алады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік