Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСемейде қар тазалау тәулік бойы жалғасуда. Күн сайын таңғы 4:00-ден бастап жолға құм себу, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту, сондай-ақ жол жиегіндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала көшелерін қысқы күтіп-ұстауға барлығы 109 техника тартылған. Олардың қатарында әмбебап жол машиналары, тракторлар, тиегіштер, автогрейдерлер және самосвалдар бар.
Қала әкімдігі шаһарда қар шығаруға арнайы үш полигон дайындалғанын атап өтті. Олар: Қарағайлы шағын ауданы, Мұрат саяжайының бұрылысы (35-колония маңы) және Семей-Қайнар тас жолының бойы.
Айта кетейік, қыс басталғалы бері қаладан 65 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар