30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСемейде қала күні аясында Цементшілер кентінде пәтер кезегінде тұрған 20 отбасыға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Баспаналы болғандардың барлығы әлемеуметтік осал топ санатындағылар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін қала күні және қоныс тойларымен құттықтады.
Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Тамыз айында 237 пәтердің кілттері кезек тәртібі бойынша табысталды. Бүгін қала күні қарсаңында 20 отбасы баспаналы болады. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 77 азамат баспанамен қамтамасыз етілгенболатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасыжаңа баспанаға қол жеткізді. Соңғы жылдары бұл – мемлекетіміздегі әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі, халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам.
- деді Семей басшысы.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй соңғы үлгіде, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына ыңғайлы етіп салынған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды