Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемей қаласында Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады. Баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашқан жоқ. Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықұтан әр секунды маңызды екенін білетін құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезеге қарай ұмтылды.
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды.
Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз оған қажетті медициналық көмек көрсетілуі үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды