Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСемей қаласының өрт сөндірушісі әйелді жанып жатқан пәтерден құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ-нің мәліметінше, Семей қаласында Безымянная көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз отқа оранған.
Семей қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды. ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Облыс орталығында өрт оқиғасы кешкі сағат 18.36-да толығымен сөндірілген.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс