Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында орман өртінің алдын алу бағытындағы маңызды жобаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты. Резерваттың Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығында орман өртін ерте анықтауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйесінің алғашқы құрылғылары орнатылды. Бұл жоба — орман өртінің алдын алу мен жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешім болып отыр.
Жүйе тәулік бойы жұмыс істейтін оптикалық және термовизиялық камералар арқылы орман аумағын толық бақылайды. Биіктігі 30 метрлік антенна-діңгектерге орнатылған камералар 360 градусқа айналып, түтін мен өрт белгілерін автоматты түрде анықтайды. Қауіп анықталған сәтте сигнал бірден жедел басқару орталығына жіберіледі. Бұл өрт ошақтарын уақтылы оқшаулап, залалды азайтуға мүмкіндік береді, - деп ақпарат таратты өңір әкімдігі.
Жүйе болашақта Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығымен біріктірілмек. Бұл барлық орман алқаптарын республикалық деңгейде бақылауға жол ашпақ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары