Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемейде 13 жастағы оқушы мектеп асханасында тамақтану кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Оған алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген. Алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.
«Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы» негізінде қабылданды. Оған «Ақыл-ойының жеңіл кемістігі» диагнозы қойылды. Дүйсенбіден жұмаға дейін № 6 арнайы мектеп – интернатта тұрып, оқыды. Сенбі және жексенбі күндері анасы үйіне алып кететін», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды