Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіСемейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.
Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр. Нысан мемлекеттік арнайы қор есебінен қаржыландырылып жатыр. Жаңа әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар, 18 жастан асқан азаматтарға қызмет көрсетеді. Бүгінде Абай облысы бойынша мұндай қызметке мұқтаж 101 адам кезекте тұр.
Ғимарат құрылысы биылғы желтоқсан айында аяқталады жоспарланып отыр. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдегі әлеуметтік қолдау деңгейі арта түспек.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік