2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАбай облысының Семей қаласында мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Абай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот процесі жабық режимде өтті. Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың шілде айының соңында мұғалім Семей қаласының оң жағалау бөлігінде автокөлік салонында кәмелетке толмаған қызды зорлаған.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, ақтап шығуын сұраған. Алайда сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Мұғалімнің ұсталғаны туралы ақпарат 2024 жылдың қараша айында белгілі болған. Ол 32 жаста, мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Жәбірленуші – 8-сынып оқушысы.
Қалалық білім бөлімі қыздың мектепке баруын жалғастырып жатқанын хабарлады. Оның ата-анасына бала құқықтары жөніндегі уәкілге және психологиялық қолдау көрсету орталығына жүгіну ұсынылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова