Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОқиға бүгін таңертең облыстық сот ғимаратының маңында болған. Жылу орталығының үш қызметкері кәріз құдығына түсіп, оның екеуі есінен танып қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұмысшыларды байқап қалған ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Полиция старшинасы Аслан Какенов жедел түрде саты алып келіп, ер адамдардың бірін сыртқа шығуына мүмкіндік берді. Ал полиция старший сержанты Айгерім Мұхтарбекова жедел жәрдем шақырған.
Ерекше ерлік көрсеткен полиция старший сержанты Ерзат Баймулаев өз өміріне қауіп төнсе де, арнайы қызметтердің келуін күтпестен әрекетке көшті. Ол өзін арқанмен байлап, противогаз киіп құдыққа түсті. Жоғарыда әріптестері Какенов пен Айтқазы оны сақтандырып тұрды. Нәтижесінде олар естен танған екі жұмысшыны сыртқа аман алып шықты,-деп атап өтті облыстық Полиция департаментінен.
Арада санаулы минуттар өткен соң оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары