6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде көмекке шақырған қыздың дауысын естиді. Ол дауыс шыққан жерге барғанда ер адамның шамамен он екі жастағы қызды күштеп ұстап, үйдің кіреберісіне кіргізуге тырысып жатқанын көреді. Қызды дер кезінде босатып, мас адамды бөлімшеге жеткізді.
Анықталғандай, бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағын ауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі