6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде ет комбинатын салуды жоспарлап отырған инвесторлар аймақ басшысымен кездесіп, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары жобаларын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкерлер Жаңасемей ауданында қуаттылығы ауысымына 35 тонна ет және ет өнімдерін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Австралияның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 8,4 млрд теңгені құрайды.
Жоба іске асқанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, комбинаттың қуаттылығы ауысымына 200 бас ірі қара мал және 1400 бас ұсақ мал союға мүмкіндік бермек. Жылына 12600 тонна дайын өнім өндіріліп, шет мемлекеттерге экспортталады. Жоба аясында 50 мың қой, 200 бас жылқы және 200 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құру көзделуде.
Абай облысында ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден жақсы дамыған. Аймақтың аграрлық әлеуеті зор. Өңірде мал өсірумен айналысатын көптеген шаруа қожалықтары бар. Олар қазіргі таңда өсірген малдарын өткізе алмай қиындық көріп жүр. Семейде ірі ет комбинаты салынса облыстың мал шаруашылығы саласына серпін берері анық. Әкімдік тарапынан тиісті, барлық қажетті қолдауды көрсетеміз. Сондай-ақ, кәсіпорынды малмен қамтамасыз ету үшін аудандарда мал бордақылау алаңдарының санын көбейтеміз. Бұл өз кезегінде шаруаларға да, ет комбинатына да тиімді болады, - деді облыс әкімі.
«Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар кездесуде құрылысты бастауға дайын екендерін жеткізді. Аймақ басшысы мамыр айында кәсіпорынның іргетасын қалау шарасын өткізуге уағдаласты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі