13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСемей қаласының үш тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, сот оларға 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады. Жасыл түсті есірткі тектес затты екі азамат аулада, үшінші күдікті өз пәтерінде сақтаған. Сарапшының пікірінше, тәркіленген зат - кептірілген марихуана. Оның салмағы бір-екі грамм болды. Олардың жұмысы мен мінез-құлқын Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметінің қызметкерлері бақылайды.
Сотталғандар есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді, 80 сағат ішінде олар күн сайын төрт сағат қоғамдық орындарда тазалаумен айналысады. Жұмыстан жалтарған жағдайда олар бостандықты шектеу жазасына тартылады, – деп түсіндірді Затон ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды