Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСемей қаласында «Ертіс әуендері» дәстүрлі орыс өнерінің XIV халықаралық фестивалі өтті.
Аталмыш шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы негізінде ұйымдастырылып өткізіліп оты.
Жыл сайын өтетін фестиваль – барлық орындаушыларға, әріптестерімен кездесе отырып өздерінің вокал, аспаптық, хореографиялық дағдыларын көрсету, шығармашылықтарын жетілдіру үшін таптырмас мүмкіндік.
Биылғы жылы Семейге - Барнаул, Бийск, Рубцовск, Ақсу, Өскемен, Шемонаиха, Риддер және басқа да қалалар мен елді-мекендердің шығармашылық ұжымдары келді.
Екі күннің ішінде «Аспаптық жанр», «Жас орындаушылар», «Хореография», «Вокал жанры», «Хор жанры» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.
Гала-концертте жиналған қонақтар мен қатысушы шығармашылық ұжымдарды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Аскар Нұрғазиев құттықтады. Ол әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардан басқа ортақ тарих пен мәдениет біріктіретін екі көрші елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың бұзылмайтынын атап өтті.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады