Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТЖМ мәліметінше, 29 маусым күні сағат 13:58-де «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу оқиға орнына шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен соң, 1994 жылы туған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгенін анықтады. Ол төменге түсу туралы сөзге құлақ аспады, - делінген мәліметте.
Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті.
Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ. Психологпен сөйлескеннен кейін ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек