Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде 8 әйелдің үш қызды жабыла ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаның Семей қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласында жаға ұстатарлық оқиға болды. 8 әйел 3 қызды жабылып ұрып-соққан. Қыздар қазір бас жарақаты және дене жарақаттарымен, сүйек сынуы және ісіп-көгеру белгілерімен ауруханада жатыр. Қыздарды бірден ауруханаға апарудың орнына, жергілікті полиция 4 сағат учаскеде ұстап отырған, - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты Абай облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.
Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжалдың 21-29 жас аралығындағы қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?