Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХалықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған бұл игі бастамаға 25 мыңға жуық бүлдіршін мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік іс-шараға сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Аталар мектебі», «Ағалар мектебі» секілді қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсенді қатысып, бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Сиқырлы түстер әлемі» атты асфальтқа сурет салу акциясы барысында 300-ге жуық бала өз қиялындағы бейнелерді бояу арқылы жеткізді. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар, олардың көңіл-күйін көтеруге де септігін тигізді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі