Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемейдегі "Северный" сауда-логистикалық орталығында апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бесқарағай ауданының шаруалары өз өнімдерін қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынды. Жәрмеңкеде 2,5 тонна ет пен 600 келіге жуық көкөніс саудаға шығарылды. Ауданның 10 ауылдық округінен жеткізілген жылқы, сиыр және қой еті, Глуховка ауылының картоп, сәбіз, қызылшасы, Канонерка ауылының бал мен саңырауқұлақ өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Сүт, қаймақ, шұжық өнімдері де сөреге қойылды, - деп жазылған өңір әкімдігі таратқан мәліметте.
Жәрмеңкеге Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мен бағаны тұрақтандыру шараларының маңызын атап өтті.
Жәрмеңке барысында 8 наурыз мерекесіне орай сауда орталығындағы әйелдерге гүл шоғы тарту етіліп, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерді әуелетті.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды