Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр25 тамызда Семей қаласындағы Достық үйінде «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік-қолөнер шеберлерінің халықаралық фестиваль-байқауы өтті.
Аталмыш шара «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға көршілес Ресейдің Алтай Республикасынан, Барнауыл қаласынан және Монғолия, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының қолөнер шеберлері қатысты.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік-қолөнер шеберлері фестиваль-байқауының мән-маңызына тоқталды.
Фестиваль барысында көрмеге ұлттық нақышта айшықталған түрлі сәндік қолөнер бұйымдар көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар арнайы шеберлік сыныптар, ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды.
Шара соңында әділқазылардың шешімімен фестиваль-байқауға қатысушылар арасынан үздіктері анықталып, бес номинация бойынша арнайы жүлделер табыстады.
Бас жүлдені Катон – Қарағай ауданының Еңбек ауылының тұрғыны, Қазақстан қолөнер шеберлері одағының мүшесі, қолөнер шебері Г.Қожамжарова иеленді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова