Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСемейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған баланы босатуға көмектесті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Абай облысы ТЖД 112 пультіне Семей қаласындағы пәтерлердің бірінде кішкентай бала пәтер ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп жазылған хабарламада.
Екі жасар баланың анасы сыртқа шыққан кезде есік құлыптанып қалғаны белгілі болды.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Құтқарушылар пәтердің ішіне кіру үшін арнайы жабдықтардың көмегімен бірінші қабаттағы терезе торын кесіп, пәтер есігін іштен ашты.
Пәтер ішінде 2023 жылы туған бала болды. Бала зардап шеккен жоқ.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Көкшетау қаласында да болған еді. Пәтерде ересектердің қарауынсыз қалған бала есікті ішінен жауып алған. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен жоғарғы қабаттардан түсіп, үшінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, есікті ашып, баланы ата-анасына аман-есен табыстады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова