Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемейде алғаш рет Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірдің 10 ауданынан келген спортшылар ұлттық спорт түрлері, командалық ойындар бойынша сынға түсуде. «Арена» спорт кешенінде өткен ауыл спорт ойындарының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Өңірде бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Абай облысында тұрғындар игілігі үшін 610 спорт нысаны жұмыс жасайды. Жыл сайын спортпен шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Біздің мақсат – азаматтарға спортпен шұғылдануда қолжетімділікті қамтамасыз ету, жаңа спорт нысандарын салу. Тиісті қолдау арқасында облыста спорт қарқынды дамып келеді. 2023 жылы ұлттық құрама сапына 286 спортшымыз енсе, бұл көрсеткіш 2024 жылы 453-ке, ал 2025 жылы 474 спортшыға дейін ұлғайды. Ауыл спорты – ұлт болашағының қайнар көзі. Бүгінгі спорттық мереке тек жарыс емес, ауыл жастарына деген сенім мен үлкен мүмкіндік. Сіздерге жарыста сәттілік тілеймін, - деді аймақ басшысы.
Спорт ойындары 19 маусымда үстел теннисі, тоғызқұмалақ және Президенттік көпсайыспен басталды. 20 маусымда қазақ күресі, волейбол, шағын футбол, асық ату, гір көтеру, қол күресі, арқан тарту, көкпар, аударыспақ және теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Жарыстар Семей қаласының әр нысанында ұйымдастырылды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды