Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерСемей қаласында өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар зейнеткерлерді алдап, 24 млн теңге пайда көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл қазан айының ортасынан бастап Абай облысы Полиция департаментіне алаяққа алданып қалған семейліктердің арызы күрт көбейген. Анықталғандай, алдын ала сөз байласқан белгісіз біреулер өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, қарт кісілерге хабарласып отырған.
Оларға телефон арқылы қоңырау шалып, қызы немесе ұлының жол апатына түскенін жеткізеді. Жалған полицейлер баласын босату үшін ақша талап еткен. Бұған сенген тұрғындар ақшаны курьерлерге береді, - дейді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.
Осының салдарынан жәбірленушілерге 24 млн теңге залал келтірілген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 19 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта оның сыбайластары іздестірілуде. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаятық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?