30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыНаурыз мейрамына орай Абай облысында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орайластырылып бір мезетте 180 бала жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал Семейде аймақ басшысы зиялы қауым, мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік, басқа да сала өкілдерімен бірге 40-қа жуық бүлдіршіннің тұсауын кесті.
22 наурыз күні мерекелік шаралар облыстың барлық аудандары мен қаланың барлық шағын аудандарын қамтыды. Семей қаласы Наурызды кең көлемде атап өту үшін мазмұнды бағдарлама әзірледі. Орталық алаңда қолөнер көрмелері, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, фотоаймақтар дайындалды.
Мерекенің көркін келтірген шараның бірі - композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай жүз жас домбырашының сазгер шығармаларын бір мезгілде орындауы. Бұл жұртшылыққа музыка мен тарихи тағылымға толы ерекше атмосфера сыйлады.
Семейліктер мен қала қонақтары орталық алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздары «Алашұлы», «МузАрт» тобы мен Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының, қалалық мәдениет сарайы әншілерінің өнерін тамашалады.
Кешкі бағдарлама аясында «Алашұлы» тобы, «Әдемі-ай» дуэті мен Қайрат Нұртас, жергілікті өнерпаздар өнер көрсететін болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды