Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіНаурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 77 отбасына, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетінін атап өтті.
Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін.Жаңа қоныс құтты әрі жайлы болсын, іші балалардың күміс күлкісіне толсын. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың отбасыларыңызға ырыс пен несібе әкелсін,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылы жалпы саны 211 пәтер берілді.
Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады