Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемейде 30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала қауышты. Жігіт екі жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен. Содан бері ол әкесін көрмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жігіт қазіргі уақытта Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. Ол бала кезден әкесін көргісі келетін. Жақында әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, әкесінің орналасқан жерін анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұрады.
Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның әкесінің орналасқан жерін анықтады. Оның әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала қайта табысты.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды