Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров 27 тамызда Абай облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен бірге өңірдің негiзгi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде облыстағы егістік жердің жалпы ауданы 750 мың га құрайды. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары – 299 мың га, жемшөп – 143,5 мың га, майлы дақылдар – 295,8 мың га, қалғаны картоп, көкөніс және бақша дақылдары.
Облыстың негізгі астық базасы Шығыс Қазақстан ұн және жем комбинатында орналасқан. Кәсіпорын 1929 жылдан бері ұн, макарон және мал азығын (жем) өндірумен айналысады. Ұн сатудың тәуліктік көлемі 350 тонна, макарон өнімдері – 19,5 тонна, жем – 200 тонна. Элеватордың сыйымдылығы 130 мың тонна, қазір бос тұр. Кәсіпорын директоры көптеген шаруа қожалықтары мен фермерлердің өздерінің астық сақтайтын жеке қоймалары мен кептіру алаңдары бар екенін айтты. Кеңес Одағы кезінде элеватор Қазақстанның солтүстік өңірлеріне тұрақты астық сақтаушы қызметін атқарып, ұнтақталып, әрі қарай жөнелтілетін.
Егін жинау науқаны жөніндегі жедел штабта біз астықты өңірлеріміздегі элеватордың мүмкіндіктерін талқыладық. Мен Азық-түлік корпорациясына өткен жылғы егіннің астығын әлеуметтік нан өндіру үшін астық қажет аймақтарға, әсіресе батысқа жеткізу механизмін әзірлеуді тапсырдым. Осылайша, біз солтүстік облыстардың элеваторларының жұмысын жеңілдетеміз және нан өндірісінің бағасын арзандату үшін басқа аймақтардағы астық қорын толықтырамыз. Бұл элеватор барлық талаптарға сай келеді, – деп атап өтті вице-премьер.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары