Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысының әкімі Семей қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымды қызметті енді Талғат Мұратов атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары - «Шығыс Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары. 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін - «АТФ Банк» акционерлік қоғамының Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің бастығы. 2014-2015 жылдары-Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2016-2018 жылдары-Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары.
Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?