Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды.
ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.
Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 га құрайтын 8 квартал өртеніп жатыр.
Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді.
Еске салсақ, Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатқаны хабарланды. Өрт шамамен 0,3 га аумаққа тараған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары