Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.
«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары