30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСемей қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектепте заманауи үлгідегі «Абай кітапханасы» ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кітапхана 6,5 миллион теңгеге толық жабдықталған, оқушылар үшін барлық жағдай жасалды. Онда 60 мың кітап қоры жинақталған. Оның 30 мыңы – көркем әдебиет, ал қалғаны – 1–11 сыныпқа арналған қазақ және орыс тіліндегі оқулықтар. Жаңа кеңістікте арнайы қойма, ыңғайлы оқу аймақтары және интерактивті тақта орнатылған.
Рухани азық мекенінің ашылу рәсіміне Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков қатысты.
Абайдың сөзі – мәңгілік, мұрасы – сарқылмас қазына. Әрбір кітап жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, елдік рухты күшейтуге қызмет етеді. Оқушылар бұл жерде оқулық қана емес, үлкен өмірге жол көрсететін Абайдың даналығын да табуы тиіс. Биыл Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында меценаттықтың қоғам үшін маңызын атап өтті. Осындай игілікті істі жүзеге асырып отырған «Алматы кітап» баспасының қолдауы – соның нақты көрінісі, – деді басқарма басшысы.
Шараға мектептің оқушылары қатысып, Абай шығармаларынан үзінділер оқыды.
№35 мектеп 1961 жылы салынған. Мұнда 132 педагог қызмет атқарады, 1400-ге жуық оқушы білім алады. Мектепте «Абай клубы» және әжелерден құралған «Зере» клубы жұмыс істейді.
Айта кетсек, жаңа кітапхана облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуіне сәйкес «Алматы кітап» баспасының құрылтайшысы әрі президенті Гаухар Айтжанқызының қолдауымен жүзеге асты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды