Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСемей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.
Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника. Мұндай техника еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар. Бірақ олар шетелде шығарылған. Ал, біздегі амбу-лифт отандық өнім. «STAHLBAU» ЖШС құрастырған техника облыстық әкімдіктің қолдауымен сатып алынды. Бүгін алғаш рет «Алматы-Семей» бағытындағы жолаушылар үшін сынақтан өткізіп көрдік. Енді күнделікті жұмыс істейтін болады, - дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.
Амбулаториялық лифт – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әуе кемесінің бортына отырғызуға және түсіруге арналған. ҚР заңнамасының талаптары және халықаралық стандарт бойынша барлық әуежайларда міндетті түрде осындай мамандандырылған арнайы техника болуы тиіс.
Өткен жылдың соңында әуежай облыс әкімдігінің қолдауымен 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа қол жеткізген болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары