«Сел жүру қаупі бар»: қауіпсіздік шарасын сақтау маңызды

«Сел жүру қаупі бар»: қауіпсіздік шарасын сақтау маңызды

03.07.2026 13:35
EL.KZ
Фото: egemen.kz

«Қазселденқорғау» ММ 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қауіпті гидрометеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін ескертті.

Мекеме мәліметінше, ауа температурасының жоғары болуы және алдағы күндері болжанған нөсер жауын-шашын салдарынан тау беткейлерінен қарқынды су ағуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Соның салдарынан көшкін жүруі мен сел қаупі туындауы мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар аталған өңірлердің тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, ауа райы болжамын бақылап, таулы аймақтарға барудан барынша бас тартуға шақырды.

Қауіп қайдан келеді?

Алматы облысы ТЖД қызметінің мәліметінше; Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері және басқа  елді мекендер орналасқан.                                                    

Сел – жылдамдығы 3 – 5 және одан да жылдам м/сек, биіктігі 10-20 м дейінгі жеке толқынмен жылжитын,су аралас, қатты топырақ, тастар, талдар және әр түрлі сынықтардың құрайтын, аз уақытылы тау су тасқыны.

Селдің туындау себептері болып температураның көтерілуі, қар және мұздықтардың қарқынды еруі, өзен суларының тез көтерілуі, жауын – шашын, арналарды көшкіндермен, үйінділермен, сынықтармен, су деңгейін белгілі бір деңгейге дейін көтерілуіне себепкер болатын қиратқыш сипаттағы бөгеттер және басқалар болып табылады.

Сел тасқыны қауіпінің белгілері:

 Сел қаупі аудандарда болу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

Оқи отырыңыз