10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде 300-ден астам кадет Отанға адал қызмет етіп, кадеттің ар-намысын биік ұстауға ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Абылай хан алаңында өткен салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Кадеттерді құттықтаған Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов кез келген жағдайда Отан алдындағы парыз бен міндетті абыроймен орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ, Кадет корпусында оқу жақсы білім мен қажетті дағдыны қалыптастырып қана қоймай, азаматтық борыш пен ел алдындағы жауапкершілікті түсінуге тәрбиелейтінін де атап өтті.
Салтанатты рәсім мерекелік концертке ұласып, кадеттердің саптық дайындық дағдыларын көрсеткен қойылымдарымен аяқталды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді