Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар “Астана-Петропавл” автожолының 18-232 км (Астана-Щучинск) аралығында барлық көлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қиын жағдайда қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері жедел әрекет еткен. Щучинск қаласындағы жылыту пункттеріне 95 азамат, оның ішінде 39 бала орналастырылды.
Сондай-ақ, әкімдік азаматтарға маңызды ескертулер, тиісті жайттарды қаперді ұстауды ескертті.
- Автокөлікпен ұзақ сапарға шығуды уақытша тоқтатыңыз.
- Елді мекендерден тыс сапарлар жоспарламас бұрын синоптиктердің болжамын қадағалаңыз.
- Құтқару қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыз.
- Жолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасынан немесе 14-03 нөмірі арқылы “Қазавтожол” орталығынан білуге болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары