7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?SCAT авиакомпаниясы кезекті "Боинг-737 800 NG" әуе кемесімен толықты, деп хабарлайды El.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Сыйымдылығы 189 орындық ұшақ авиакомпанияның ӘК паркін 28 бірлікке дейін, оның ішінде "Боинг" үлгісіндегі 21 әуе кемесіне дейін ұлғайтады. ӘК паркі мен тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп жүргізуде.
Жаңа әуе кемесі авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, ұшу кестесінің және билеттер ұсыныстарының уақтылы орындалуына оң әсер етеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 12 ұшаққа толығады деп күтілуде, осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл өз кезегінде ұшуларды уақтылы орындауға қосымша мүмкіндік береді. Қазақстандық авиакомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?