Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыТүркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті.
Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны бейнеленген.
Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жасар тұрғыннан түсініктеме алынып, оның қолындағы сигналдық зат болып шықты. Жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?