6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘзірбайжан Республикасынан келген халықаралық байқаушы Мазахир Панахов бүгін 45 референдум учаскесінде болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бақылаулардың алдын ала нәтижелері бойынша осы уақытқа дейін жағымсыз оқиғалар тіркелген жоқ. Сайлаушылардың дауыс беруге деген қызығушылығы жоғары. Біздің кейбір бақылаушылар сайлаушылармен тілдесіп те жатыр. Кейбір адамдар отбасымен түгелдей келіп, дауыс беріп жатыр. Ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Жалпы, мұндай мәселелерге қазақстандық жұртшылықтың байыпты көзқарасы қуантады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Жабылу сәтіне дейін боламыз, бақылаймыз, – деді Әзірбайжан ОСК төрағасы.
Мазахир Панахов бастаған делегация құрамында Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам, Милли Мәжілістің 6 депутаты және Әзірбайжанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің 3 қызметкері бар. Айта кетейік, Әзірбайжан делегациясы еліміздегі референдумға халықаралық бақылаушылардың ірі құрамының бірі ретінде қатысып жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі