Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБүгін көптен күткен саяси дода өтіп жатыр. Таң сәріден Астана қаласының №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқандардың легі көп, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
“Бүгін таңмен таласып ерте тұрып, жұбайым екеуіміз еліміздің болашағы және балаларымыздың келешегі үшін нөмір №393 сайлау учаскесіне келіп дауыс бердік. Елімізде алғаш рет осындай мажоритарлық сайлау болып жатыр. Көппартиялар өз кандидаттарын ұсынды. Соның ішінде танитын азаматтар да бар. Сол себепті ерте тұрып, өз таңдауымызды жасадық”, - деді Астана қаласының тұрғыны Ерлан Қайырбеков.
№393 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Пірман Шериевтің айтуынша сайлау учаскесінде 1972 сайлаушы тіркелген.
Айта кетейік, ОСК ақпараты бойынша учаскелер саны - 10 223. Оның ішінде шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар